КӘСІПКЕРЛЕР МЕН ТАУАР ӨНДІРУШІ АРАСЫНДАҒЫ КЕЛІССӨЗ

04.08.2020

Ақтау қаласы бойынша ӘКК Каспийдің 16 сауда павильондары бар.

Қазіргі уақытта аталған павильондар байқау бойынша кәсіпкерлерді қолдау ретінде оларға жалдамалы түрде берілуде. Аталған павильондарда жергілікті өндірушілердің өнімдері сатылымға шығару жоспарланып отыр.

Бұл тауарлар яғни жергілікті өндірушілердің азық-түліктері өзге дүкендерге қарағанда аталған павильондарда төмен бағада сатылатын болады, сонымен қоса павильон жалдаушыға жеңілдік ретінде жалдау бағасы да төмендетілмек.

Бұл жиында қала кәсіпкерлері мен тауар өндірушілер арасында өзара келіссөздер жүргізілді.