Әлеуметтік маңызы бар дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы өнімдердің жедел қорын сатып алу бойынша ақпарат

15.10.2020

Әлеуметтік маңызы бар дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы өнімдердің жедел қорын қалыптастыру мақсатында Маңғыстау облысы әкімінің өкімімен халықты дәрілік заттармен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобы құрылды.

Маңғыстау облысы халқының қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік маңызы бар дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы өнімдердің жедел қорын қалыптастыру мақсатында «Каспий» ӘКК» АҚ 300 млн. теңге бөлінді.

Құрылған жұмыс тобының шешімімен өңіріміздегі екі компанияға «ФАЙЗ-2016» ЖШС, «АДА Фарм-Актау» ЖШС әр қайсысына 100 млн.теңгеден 0,01%-бен несие берілді.

Сатып алынатын дәрілік заттарды Облыстың өзгеде дәріханалары сатып алуға мүмкіндігі бар.Қазіргі таңда аталған екі компания 60 млн.теңгеге дәрілік заттар сатып алды.; ыстықты түсіретін (жарапонижающий), антикогулянт,антибиотик,бронходилататор (бронхолитик) ,антигистамин, жансыздандыратын (анестетик).

Қалған қаражатқа қосымша дәрі-дәрімекке тапсырыс берілуде.