Тұрақтандыру қорының азық-түлік тауарларын қалыптастыру бойынша ақпарат

05.08.2020

“Каспий” ӘКК ” АҚ (бұдан әрі – Қоғам) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы № 1279 қаулысына сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйым болып табылады.

Төтенше жағдай кезеңінде өңір халқын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету үшін Қоғам Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу Веб-порталы арқылы сатып алуды жүргізді.

Қоғамға Маңғыстау облысының тұрақтандыру қорын қалыптастыру мақсатында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алуға жергілікті бюджеттен 1 063 млн.теңге бөлінген.

Қоғам тарапынан 683 млн.теңге көлемінде заттай әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары сатып алынды (2531 тонна):

ұн 1- сұрып 1106,8 тонна,

өсімдік майы 362000 литр,

макарон өнімдері 52 тонна,

күріш 209 тонна,

құс еті 266 тонна,

құм секер 411,7 тонна,

ас тұзы 5 тонна,

сиыр еті 10 тонна,

майлылығы 2,5% сүт 25000 литр,

жұмыртқа 1- сұрып 200 000 шт,

сары май 2 тонна.

Жоғарда аталған тауарлар жалға алынған қоймада сақтаулы.

Жарамдылық мерзімінің өтіп кетуіне жол бермеу мақсатында іске асыруға 4 келісім-шарттар жасалды:

650 тонна ұн сатылды,

60 тонна құс еті,

4000 литр өсімдік майы,

20 тонна қант,

10 тонна күріш,

2 тонна макарон өнімдері,

5 тонна ас тұзы.

Сонымен қатар, азық-түлік саласындағы 14 кәсіпкерлік субъектісімен несие шарттары жасасып 429 млн. теңге көлемінде несие берілді, оның 54,5 млн.теңге көлемінде несие алушылардың өтініші бойынша қайтарылды.

Мемлекеттік сатып алу сайты арқылы жалпы сомасы 60,9 млн теңге 476 тонна мөлшерінде 1-сұрыпты ұнды жеткізуге шарт жасалды.

Қоғам балансындағы 20 тасымалды павильонның, түгелі жалға берілген,оның 15 қазіргі таңда жұмыс жасап тұр. Соның ішінде ӘМАТ тауарларын халыққа тиімді бағамен сатуға 7 тасымалды павильон арқылы жүзеге асыруға келісім-шарт жасалды.