ХАБАРЛАНДЫРУ

22.07.2025

«Каспий» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ тұрақтандыру қорын толықтыру мақсатында форвардтық келісім бойынша / айналым қаражаты аясында басты пияз және ақ қауынды қырыққабатты сатып алу жоспарланғанын хабарлайды.

Өнімге қойылатын талаптар:

Пияз: МЕМСТ 1723-86 сәйкес. Пияз бастары піскен, сау, таза, тұтас, өнбеген болуы қажет.  Диаметрі: 5,0-8,0 см. Жоспарланған сатып алу көлемі — 1000 тонна.

Ақ қауданды қырыққабат: МЕМСТ 1724-85 сәйкес. Орамжапырақтары жаңа, бүтін, сау, өнбеген болуы тиіс. Жапырақтары тығыз жабысқан жасыл немесе ақ жапырақтарға дейін тазартылуы қажет.  2-4 бос орналасқан жасыл жапырақтардың болуы рұқсат етіледі. Жоспарланған сатып алу көлемі — 1000 тонна.

Мүдделі сатушылар/жеткізушілер жеткізу бойынша бағасын, көлемін және жеткізу мерзімін көрсете отырып, коммерциялық ұсыныстарын электрондық поштаға жіберуді сұрайды: info@caspiy.kz.

Коммерциялық ұсыныстар 2025 жылғы 6 тамызға дейін қабылданады.

Қосымша ақпаратты көрсетілген байланыс нөмірлері арқылы алуға болады.

Азық-түлік қауіпсіздік қызметі: 8 (7292) 291 142; 291 143; 291 144; 291 146.