ХАБАРЛАНДЫРУ
«Каспий» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ тұрақтандыру қорын толықтыру мақсатында картоп, асханалық сәбіз, басты пияз және ақ қауынды қырыққабат сатып алу жоспарланғанын хабарлайды.
Өнімге қойылатын талаптар:
Картоп: МЕМСТ 26545-85. Түйнектер тұтас, таза, жаңа, сау, қабығымен қапталған, ботаникалық сұрыптың түрі мен түсіне тән, өнбеген, солмаған, ауыл шаруашылығы зиянкестерінен зақымданбаған, сыртқы ылғалдылығы артық емес, көгермеген, қызу әсерінен қоңыр дақтары жоқ. Түйнек диаметрі 6 – 10 см.
Пияз: МЕМСТ 1723-86. Пияздар піскен, сау, таза, тұтас, өнбеген, ауыл шаруашылығы зиянкестерінен зақымданбаған, ботаникалық сұрыптың түрі мен түсіне тән, сыртқы құрғақ қабыршақтарымен (қабығымен) және ұзындығы 5 см-ден аспайтын кептірілген мойынымен. Пияздың диаметрі (ең үлкен көлденең қимасы бойынша): 5,0-8,0 см.
Асханалық сәбіз: МЕМСТ 1721-85. Тамыр жемістері жаңа, тұтас, сау, таза, солмаған, жарылмаған, ауыл шаруашылығы зиянкестерінен зақымданбаған, сыртқы ылғалдылығы артық емес, ботаникалық сұрыптың түрі мен түсіне тән, қалған сағақтарының ұзындығы 2,0 см-ден аспайтын немесе онсыз (тамыржемістің иықтарына зақым келтірмей). Пішіні бойынша ауытқулары бар, бірақ тауарлық түрі сақталған тамыржемістерге жол беріледі. Сәбіздің диаметрі 3 – 6 см.
Ақ қауданды қырыққабат: МЕМСТ 1724-85. Орамжапырақтар жаңа, тұтас, сау, таза, толық қалыптасқан, өнбеген, ботаникалық сұрыптың түрі мен түсіне тән, ауыл шаруашылығы зиянкестерінен зақымданбаған. Орамжапырақтар тығыз жабысқан жасыл немесе ақ жапырақтарға дейін тазартылуы керек, 2-4 тығыз жабыспаған жасыл жапырақтары бар орамжапырақтарға жол беріледі.
Мүдделі сатушылар/жеткізушілер жеткізу бойынша бағасын, көлемін және жеткізу мерзімін көрсете отырып, коммерциялық ұсыныстарын электрондық поштаға жіберуді сұрайды: info@caspiy.kz.
Коммерциялық ұсыныстар 2025 жылғы 15 мамырға дейін қабылданады.
Қосымша ақпаратты көрсетілген байланыс нөмірлері арқылы алуға болады.
Азық-түлік қауіпсіздік қызметі: 8 (7292) 291 142; 291 143; 291 144; 291 146.