Гидропоникалық тік фермаларда құлпынай өсіру.
20.02.2025
18.02.2025 жылы “гидропоникалық тік фермаларда құлпынай өсіру” жобасын іске асыру бойынша «Калелов» жеке кәсіпкерімен кездесу өтті. Жобаның мақсаты өңір тұрғындарын жергілікті өндірістің жаңа өнімдерімен қамтамасыз ету және шағын бизнесті қолдау болып табылады.
Кездесу аясында жобаны іске асыру жолдары, сондай-ақ кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік шаралары талқыланды.
Құлпынай өсіру үшін гидропоникалық әдісті қолдану жоспарлануда.