Байланыссыз төлем жүйесі

25.01.2019

Біз Маңғыстау облысында цифрландырудың дамуы туралы әңгімелеуді жалғастырамыз.

Іске асырылып жатқан жобалардың бірі – қоғамдық көлікте байланыссыз төлем жүйесі. Жаңашылдық жергілікті тұрғындар үшін де, басқа қалалар мен елдердің туристері үшін де жол жүрудің ыңғайлылығын айтарлықтай арттыра отырып, жылдам есеп жүргізуге мүмкіндік береді. Осыған байланысты қолма-қол ақшаны пайдалану қажеттілігі болмайды, тапсыруды күтудің қажеті жоқ, ал өз шығындарын барлық төлемдер сақталатын банктік онлайн-сервистердің көмегімен бақылауға болады.

Бүгінгі таңда қалада байланыссыз төлем жүйесі бар “Ақтау-Әуежай-Ақтау” бағыты бойынша 4 автобус жүруде. Жақында Ақтау қаласының әкімдігі, “Каспий “ӘКК” АҚ және “СарыарқаАвтоПром” ЖШС арасында қол қойылған өзара түсіністік туралы үш жақты меморандум аясында “Каспий “ӘКК” АҚ Маңғыстау облысының автобус паркін жаңарту үшін 20 автобус сатып алу мүмкіндігін қарастырады.