“Ақтауда негізгі өнімдерге шекті бағалар белгіленді”

28.03.2025

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларды тұрақтандыру қоры бойынша тауарлық интервенция жасау мақсатында бүгінгі күнде Ақтау қаласы бойынша «Жігер» (11 ш/а), «Аман» (28 ш/а), «Altyn Food»  (26 ш/а), «Дана» (12 ш/а, 16 ш/а, 3а ш/а) супермаркетінде картоп – 176 теңге, пияз – 100 теңге, қырыққабат – 160 теңге, сәбіз – 160 теңгеден аспай сатылуды.

Жоғарыдағы тауарлар белгіленген бағалардан қымбат сатылған жағдайда жергілікті әкімдікке немесе төмендегі байланыс телефондары арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз.

Азық-түлік қауіпсіздік департаменті: 8 (7292) 291 142; 291 143; 291 144; 291 146.