Басқарма Төрағасының Орынбасарлары
Хайруллаев Нұржігіт Нұрболатұлы, 1980 жылы 3 желтоқсанда Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Бейнеу ауылында дүниеге келген.
- 1988-1998 жылдары Бейнеу селосында Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепті бітірген.
- 1998-2002 жылдары Орталық Азия университетін, “Құқықтану” факультетін бітіріп, “Заңгер” мамандығын алды.
- 2002-2003 жылдары Бейнеу ауданы прокурорының көмекшісі.
- 2003-2008 жылдары Бейнеу аудандық әділет басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.
- 2009 жылы “Бейнеусервисцентр” ЖШС заңгері.
- 2009-2014 жылдар аралығында “Нұр Отан”партиясы Бейнеу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып сайланды.
- 2014 жылдың қыркүйек айынан желтоқсан айына дейін” Нұр Отан”партиясы Маңғыстау облыстық филиалының партиялық бақылау инспекторы болып табылады.
- 2015 жылы” Атамекен”ҰКП Бейнеу аудандық филиалының директоры болып тағайындалды. Бұл қызметті 2017 жылдың ақпан айына дейін атқарып, Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер Палатасы директорының орынбасары қызметіне ауысты.
- 2019 жылы” ҚазАзот “АҚ” Шағырлы-Шомышты”филиалында жетекші инженер-технолог болып жұмыс істеді.
- 2020 жылдың ақпан айынан бастап” Каспий ” ӘКК басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
Хайруллаев Нұржігіт Нұрболатұлы, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады. Ол V, VI шақырылған Бейнеу аудандық маслихатының депутаты.
Үйленген. Үш баланың әкесі.
Туған жері: Бейнеу селосы
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Білім: Орталық Азия университеті Алматыда
Түскен жылы: 1998
Бітірген жылы: 2002
Мамандығы, біліктілігі: Құқықтану, Заңгер
Алматы Менеджмент Университеті Алматы қ.
Түскен жылы: 2016
Аяқтау жылы: 2018
Мамандығы, біліктілігі: Менеджмент