«Каспий» әлеуметтік кәсіпкерлік корпоациясы» АҚ-ның әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қоры Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 2 қазандағы №213 Қаулысы негізінде құрылды. Тұрақтандыру қорының негізгі мақсаты – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын ұстап тұру, тұрақтандыру тетіктерін іске асыру.
Өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру үшін 2021 жылы жергілікті бюджеттен 1 млрд.теңге бөлінді (тауар сатып алуға - 500 млн. теңге, кәсіпкерлерге кредит беруге - 500 млн. теңге). 2022 жылға 1,5 млрд. теңге бөлінді.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорындағы көлем
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын тұрақтандыруға айналым схемасы арқылы берілген қарыздар
№ |
Қарыз берілген кәсіпорындар |
Сомасы, млн.теңге |
Сатып алатын ӘМАТ тауарлары |
1 |
«Сауқымбек» ЖШС |
120,0 |
Көлемі 1 121 тонна шикізат (бидай астығы) сатып алу үшін берілді
|
2 |
«Ройал Шади» ЖШС |
179,9 |
Картоп – 450 тонна Пияз – 354, 43 тонна Сәбіз – 130 тонна Орамжапырақ – 328 тонна
|
3 |
ЖК «Жумашов А.Н.» |
100,0 |
Сәбіз – 389 тонна |
4 |
«Жаңаөзен сүт зауыты» ЖШС |
20, 0 |
Көлемі 10,7 тонна майсыз сүт ұнтағын сатып алу үшін берілді
|
5 |
«Әділ сүт зауыты» ЖШС |
28,92 |
Көлемі 15,83 тонна майсыз сүт ұнтағын сатып алу үшін берілді |
6 |
ЖК «Қыдыр Қанат» |
146,7 |
Картоп -700,8 тонна Күнбағыс майы – 36000 литр
|
7 |
Сүт зауыттары |
71,1 |
40 тонна майсыз сүт ұнтағын сатып алу үшін
|
Қаз. 2, 2019