ХАБАРЛАНДЫРУ

15.04.2025

«Каспий» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ тұрақтандыру қорын толықтыру мақсатында І санатты тауық жұмыртқасын сатып алу жоспарланғанын хабарлайды.

Тауарға қойылатын талаптар: МЕМСТ 31654-2012. Қазақстан Республикасының аумағында қолданыстағы ветеринарлық-санитариялық нормаларға және азық-түлік қауіпсіздігі талаптарына сай болуы тиіс. Әр жұмыртқада категориясын көрсететін жеткізушінің таңбасы (штампы) болуы қажет.

Арнайы шарттар: Жеткізу кезіндегі сақталу мерзімі – кемінде 30 күн болуы тиіс.

Өнім сипаттамасы: 1-санатты, балғын, асханалық тауық жұмыртқалары, қабығы мықты, бүтін және таза болуы қажет. Бөгде иістер болмауы тиіс. Қаптамада келесі мәліметтері бар жапсырма (этикетка) болуы керек шығарылған күні және сақтау мерзімі. Әр жұмыртқаның салмағы 55-60 гр.

 

Мүдделі сатушылар/жеткізушілер жеткізу бойынша бағасын, көлемін және жеткізу мерзімін көрсете отырып, коммерциялық ұсыныстарын электрондық поштаға жіберуді сұрайды: info@caspiy.kz.

Коммерциялық ұсыныстар 2025 жылғы 15 мамырға дейін қабылданады.

Қосымша ақпаратты көрсетілген байланыс нөмірлері арқылы алуға болады.

Азық-түлік қауіпсіздік қызметі: 8 (7292) 291 142; 291 143; 291 144; 291 146.