АСЫЛБЕК ТУРАРУЛЫ ЖОЛДЫБАЕВ

Депутат VII созыва Мангистауского областного маслихата

1977 жылы 5-ші мамырда Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Ұштаған ауылында дүниеге келген. Ұлты- қазақ. 4 қыз, 1 ұл  мәпелеп өсіріп отырған ардақты әке. Жұбайы  Жолдыбаева Гүлжәмилә Сармақызы, 1977 жылы 27-ші шілдеде Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласында дүниеге келген.

Әкесі Жолдыбаев Тұрар Қалиұлы 1947 жылы дүниеге келген, 2007 жылы өмірден өтті. Еңбек жолын ауыл шаруашылығы саласына арнаған, көп жылдар бойы басшылық қызметін атқарған. «Таушық ауыл шаруашылығы» ЖШС негізін қалаушы. Маңғыстау облысының құрметті азаматы және ҚР үздік фермері наградасының иегері.

Анасы  Қосуаққызы Рысхан 1949 жылы туылған. Үш ұл, үш қыз дүниеге әкелген ана, «Алтын алқа» иегері. 43  жыл еңбек өтілі бар аяулы ұстаз. «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері.

 

БІЛІМІ:

 

1984 жылы Таушық ауылындағы Шахта орта мектебіне алғаш мектеп табылдырығын аттап, 1994 жылы Ақтау қаласындағы Мұхтар Әуезов атындағы №20 орта мектепті бітірді.

1999 жылы Ш.Есенов атындағы Ақтау Мемлекеттік университетін «инженер-механик» мамандығы бойынша жоғарғы оқу орынын аяқтаған.

2015 жылы Германияда «Жол салу және пайдалануға арналған заманауи технологиялары» тақырыбындағы тағлымдамадан өтіп дипломға ие болған.

2018 жылы Қазақ Қатынас Жолдары университетінің «Көлік құрылысы» мамандығы бойынша техника ғылымдарының магистрі дәрежесін аяқтаған.

Қазіргі таңда Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы «Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет» академиясында білімін жалғастыруда.

ЕҢБЕК ЖОЛЫ:

 

Алғашқы  еңбек жолын 1994-1996 жылдар аралығында МО Мұнай өңдеу зауытының дирекциясында автослесарь  мамандығынан бастаған.

1999-2004 жылдар аралығында «Тексако» ЖШС Солтүстік Бозашы кен орнында,  мұнай өндіру операторы  қызметін атқарған.

2004-2005 жылдарда «КазТрансОйл» АҚ Солтүстік Бозашы кен орнында мұнайды дайындау және тасымалдау аға операторы  қызметін атқарды.

2005-2007 жылдар аралығында «Buzachi Operating LTD» өндірістік және технологиялық топ инженері болып қызмет  атқарған.

2007-2008 жылдарда «Жазық» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып, 2008 жылы басқарма төрағасы қызметіне тағайындалған.

2008-2016 жылдар аралығында «Ақ жол құрылыс» ЖШС-нің директоры қызметін атқарып келген.

2016 жылдан бастап «Ақ жол құрылыс» ЖШС-нің бас директоры  қызметін атқаруда.

2021 жылы қаңтарда Маңғыстау облыстық мәслихаты VII шақыртуының депутаты болып сайланды.

Scroll Up