«Каспий» ӘКК» АҚ басшылығы «Жылы жағажай» туристік аймағына барды Туризм саласын дамыту аясында «СПК «Каспий» АҚ басшылығы «Жылы жағажай» аймағына жұмыс сапарымен барып, туристік инфрақұрылымның бірқатар маңызды нысандарымен танысты.
Сапар барысында келесі нысандар қарастырылды:
1. «Нұр» санаторлы-сауықтыру кешені – келушілерге емдік-сауықтыру процедураларын алуға мүмкіндік беретін ыстық көздері бар кешен. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары жүргізілуде, сондай-ақ қаржы институттары арқылы қаржыландыру тетіктері қарастырылуда.
2. Tree of Life – қонақ үй кешені бар ірі аквапарк. Жаз мезгілінде аквапарк күніне 3000-ға дейін келушіні қабылдай алады. Сонымен қатар, аквапарк аумағында жазғы маусымда балалар лагері ретінде жұмыс істейтін бөлек аймақ қарастырылған.
3. «Фламинго» балалар жазғы лагері – оқу-сауықтыру бағдарламаларын ұйымдастыруға қажетті барлық инфрақұрылымы бар лагерь. Жазғы маусымда лагерь 3000-ға дейін баланы қабылдай алады.
Нысандармен танысу қорытындысы бойынша «Каспий» ӘКК» АҚ Басқарма Төрағасы туризм саласы өңір экономикасының негізгі қозғаушы күшіне айналуы тиіс екенін атап өтті. Осыған байланысты бұл саланы дамыту және инвестиция тарту үшін «Каспий» ӘКК» АҚ барлық қажетті шаралар қабылдайды. Маңғыстау облысы бұл тұрғыда үлкен әлеуетке ие.