Тұрақтандыру қорындағы 85,5 тонна күріш: ақтау супермаркеттеріндегі бағалар мен сату туралы өзекті ақпарат.
28.02.2025
«Каспий» ӘКК» АҚ Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын тұрақтандыру қорында 85,5 тонна күріш өнімі бар екенін хабарлайды. Алу бағасының килограммы 360 теңге, тұтынушыға сату бағасы 390 теңге.
Сонымен қатар, тауарлық интервенция жасау мақсатында Маңғыстау облысындағы ірі супермаркеттер желісінде тұтынушыға килограммы 390 теңгеден сатылуда.
Жоғарыдағы тауарды сатып алу бойынша немесе сұрақтар туындағын жағдайда жергілікті әкімдікке немесе ұсынылған байланыс телефондары арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз.
Азық-түлік қауіпсіздік департаменті: 8 (7292) 291 142; 291 143; 291 144; 291 146.