“Ақтауға тауарлық интервенция: “Магаш” СҮ-де қант пен күнбағыс майын белгіленген бағамен сату”

26.02.2025

«Каспий» ӘКК» АҚ Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларды тұрақтандыру қоры бойынша тауарлық интервенция жасау мақсатында ағымдағы жылдың 21 ақпанында «Мағаш» сауда үйіне қант – 400 кг, «Шедевр» күнбағыс майы 150 литр сатылды. Бөлшек саудада сату бағасы қант – 380 теңге, «Шедевр» күнбағыс майы – 750 теңгені құрайды. Аталған тауарлар Ақтау қаласы, 31 ш/а, «Мағаш» сауда үйі (Сары базар) № 9-10, 11-12, 13-14, 15-16, 20-21 бутиктеріне сатылатын болады

Жоғарыдағы тауарлар белгіленген бағалардан қымбат сатылған жағдайда жергілікті әкімдікке немесе төмендегі байланыс телефондары арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз.

Азық-түлік қауіпсіздік департаменті: 8 (7292) 291 142; 291 143; 291 144; 291 146.