«Бейнеу астық терминалының қызметін қайта бастау» жобасы.
05.03.2024 жылғы «Каспий» ӘКК» АҚ Директорлар кеңесінің №ДК-101/03-2024-ӘКК шешімімен «Каспий» ӘКК» АҚ мен «Eurasia Translogistics» ЖШС арасында Бірлескен қызмет туралы шарт жасасу арқылы «Бейнеу астық терминалының қызметін қайта бастау» инвестициялық жобасын іске асыру келісілді.
2021 жылы «Бейнеу астық терминалы» ЖШС банкрот деп танылды және көпфункционалды мүліктік кешен бірнеше жыл жұмыссыз қалды. 2021 жылғы 22 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы өткен кеңесте Бейнеу астық терминалының жұмысын қайта бастау бойынша № 04-494//21-01-7.17 тапсырма берілді (1.4.10-тармақ).
Инвестициялық жобаның атауы – «Бейнеу астық терминалының қызметін қайта бастау»;
Жоба операторы – «Eurasia Translogistics» ЖШС;
Жобаның мақсаты – өңірді өз өндірісінің ұнымен қамтамасыз ету, сондай-ақ ауыл шаруашылығы қызметін жеммен қамтамасыз ету.
Жобаны іске асыру барысында 200 жаңа жұмыс орнының құрылуы жоспарланған.
Жобаның мәртебесі:
Жоба іске қосылды.
Байланыс Ақпараттар:
Активтер мен инвестицияларды басқару департаменті: +7 (7292) 29-11-34