«Облыс орталығы Ақтау қаласынан Мұнайлы ауданына қатынайтын қоғамдық көліктерді жаңарту» жобасы.

07.02.2025

2023 жылғы 06 сәуірдегі «Каспий» ӘКК» АҚ Директорлар кеңесінің №93/0404-2023-СПК шешімімен Қоғам Жобаның қатысушылары – «Айгараков Сырлыбай Бисенович» ЖК мен «Ахметнабиев Руслан Слямханович» ЖК- бірлесіп, «Облыс орталығы Ақтау қаласынан Мұнайлы ауданына қатынайтын қоғамдық көліктерді жаңарту» жобасын жүзеге асыру келісілді.

Жобаның мақсаты: Маңғыстау облысында жолаушыларды қоғамдық көлікпен тасымалдау бойынша ең қауіпсіз, ең қолайлы және сапалы қызмет көрсету, жолаушылар тасымалы нарығын жаңа сапалы автобустармен қанықтыру.

Жобаны іске асыру мерзімі: 2023-2030 жж.

Жобаны жүзеге асыру үшін лизингтік қаржыландыру арқылы отандық өндіруші «QazTehna» ЖШС-дан 20 бірлік көлемінде «Yutong ZK6116HG» маркалы дизельді қозғалтқышы бар жаңа автобустар алынды.

Жобаның мәртебесі:

30.05.2024ж. «Каспий» ӘКК» АҚ мен «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арасында қаржылық лизинг шарты жасалды.

Автобустар «Ақтау – Басқұдық – Ақтау», «Ақтау – Батыр – Ақтау» бағыттары бойынша қатынауда.

 

Байланыс Ақпараттар:

Активтер мен инвестицияларды басқару департаменті: +7 (7292) 29-11-34