Тұщыту саласындағы жаңа мүмкіндіктер
Ақтауда “Каспий” ӘКК” АҚ мен Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті арасында ынтымақтастық туралы екі жақты меморандумға қол қойылды. Осы Меморандумның мақсаты тараптардың Маңғыстау облысындағы Теңіз суын тұщыту саласындағы ынтымақтастығы болып табылады.
Шараға “Каспий” ӘКК “АҚ Басқарма төрағасы Жомарт Әбиесов және Каспий мемлекеттік университетінің ректоры Берік Ахметов қатысты.
Меморандум аясында “Каспий” ӘКК және “Каспий”тұщыту зауытымен бірге университет базасында теңіз суын тұщыту бойынша ғылыми-оқу орталығын ашу жоспарлануда. Орталықта теңіз суын тұщыту әдістері пысықталып, кадрлар даярлау жүзеге асырылатын болады. Бүгінгі таңда Маңғыстау облысында ауыз су тапшылығы мәселесі өткір тұр. Өңірде тәулігіне 25 текше метр белгіленген өндірістік қуаты бар Каспий тұщыту зауыты жұмыс істейді, онда өнімділігі тәулігіне 40 текше метрге дейін және “МАЭК – Қазатомөнеркәсіп” тәулігіне 60 текше метрге дейін өндіріс қуаты бар. Меморандумның арқасында өңірде ауыз су тапшылығы мәселесін шешу мүмкіндігі пайда болады.
Сонымен қатар, кездесу барысында Франция, Сингапур және Израильден келген шетелдік сарапшылардың қатысуымен теңіз суын тұщыландырудың заманауи технологияларын қолдану бойынша ғылыми-практикалық конференция ұйымдастыру туралы мәселе қаралды.
Тараптар меморандумға сәйкес барлық тармақтарды сақтауға дайын екендіктерін білдірді.
“Каспий” ӘКК ” АҚ баспасөз қызметі”