Маңғыстау облысы әкімінің халық алдында есеп беру кездесуі

21.02.2018

Ақтауда Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың халық алдында есеп беру кездесуі өтті. Аймақ басшысы 2017 жылы әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері туралы айтып берді.

Есепті кезеңде қысқа мерзімді экономикалық индикатордың индексі 100% құрады. Облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары қолданыстағы бағамен 2 307,4 млрд.теңгенің өнімін өндірді. Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі (НКИ) 100,1% құрады.Тау-кен өнеркәсібінде НКИ 99,5% құрады, 2013 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі 5,7% – ға артып, 163,3 млрд. теңгені құрады.

Есепті кезеңде негізгі капиталға инвестиция көлемі 432,7 млрд. теңгені немесе 2016 жылдың сәйкес кезеңіне 101% құрады.

“Ел дағдарысқа қарсы басқарудан тұрақты дамуға көшуде. Ол үшін Мемлекет Басшысы Қазақстанды үшінші рет жаңғырту, индустрияландыру және “Цифрлық Қазақстан” бағдарламалары, 2025 жылға дейінгі елдің стратегиялық даму жоспары, “100 нақты қадам”, “Руханияжаңғыру”Ұлт жоспары сияқты барлық қажетті стратегиялық құжаттар мен бағдарламаларды бекітті.Мемлекет басшысы атап өткендей ” мұнай молшылығы дәуірі аяқталуға жақын. Елге дамудың жаңа сапасы талап етіледі”. Сондықтан өңдеуші секторды дамыту маңызды міндет болып табылады. Мұнда 2015 жылы 5% – дан 2017 жылы 8% – ға дейін өсім бар. Біз қол жеткізілген қарқындарды төмендетпеуіміз керек. Бірінші кезекте әңгіме Индустрияландыру картасының жобалары туралы болып отыр. Карта іске қосылғаннан бері облыста инвестиция көлемі 395 млрд.теңге болатын45 жоба іске асырылды. 4 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Ағымдағы жылы 223 жұмыс орнын құрумен 12 млрд.теңгеге 5 жобаны іске қосу жоспарланған”, — деп атап өтті өз баяндамасында әкім ЕралыТугжанов.

2017 жылғы қаңтар — желтоқсанда облыс бойынша 197,1 млрд.теңге сомасына құрылыс жұмыстары жүргізілді. Жалпы алаңы 833 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2016 жылғы сәйкес деңгейден 17,6% – ға артық.

2017 жылы республикалық бюджеттен және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 7 333 млн.теңге бағытталды.

“Өткен жылы 7 мың отбасы қоныс тойын тойлады. Біз бұл көлемдерді арттыруымыз керек, өйткені өңірде тұрғын үйге деген қажеттілік әлі де жоғары болып отыр.Облыс бойынша тұрғын үймен қамтамасыз ету бір тұрғынға 23 шаршы метрді құрайды. Тұрғын үй кезегінде 18 мың адам тұр, ал жер учаскесін алу үшін 166 мың адам. 80% — дан астамы-қала және Мұнайлы ауданының тұрғындары. Мемлекет басшысы тұрғын үйдің құнын арзандату арқылы мемлекеттік бағдарламасын одан әрі іске асыру тетіктерін қайта қарауды тапсырды. Енді тұрғын үй құрылысын екінші деңгейлі банктер мен жеке құрылыс салушылардың күшімен қаржыландыратын болады”, – деді әкім.

“Нұрлыжол” бағдарламасы аясында 3 ауысымды оқыту мәселесін шешу мақсатында Жаңаөзен,Ақтау қалаларында 900 орындық орта мектеп, Мұнайлы ауданында 600 орындық екі мектеп құрылысы басталды. Маңғыстау ауданында, Түпқараған ауданында әрқайсысы 600 орындық орта мектеп, Құрық ауылында 300 орындық орта мектеп және 900 орындық вжанаөзен мектебінің құрылысы жүргізілуде.Қазіргі уақытта кең жолақты Интернетке барлық 134 жалпы білім беретін мектеп қосылған немесе 100%, оның ішінде кең жолақты Интернетке 124 мектеп қосылған немесе 92,5%. 2017 жылы 26 балабақша ашылды.

“Ақтау теңіз порты” АЭА құрылған сәттен бастап 95 млрд.теңге тартылды, 260,4 млрд. теңгеге өнім өндірілді, бюджетке 23,2 млрд. теңге мөлшерінде салық төленді. 1323 жұмыс орны құрылды. АЭА аумағында 30 қатысушы тіркелген, жалпы сомасы 85,1 млрд.теңгеге 19 жоба іске асырылды. 2017 жылы керамзит тастарын шығаратын зауыт, темір бетон бұйымдарын шығаратын зауыт, болаттан бұйымдар шығаратын зауыт іске қосылды.

2017 жылы инвесторлар қаражаты есебінен Ақтаудағы “Батыр” және “Маңғыстау Арена” спорт кешені, Мұнайлы ауданындағы спорт кешені, Шетпе ауылындағы спорт залы, Ақшұқыр ауылындағы спорт кешені пайдалануға берілді.Жергілікті бюджет есебінен Ақтау қаласының № 16 мектебінің аумағында Мүгедектерге арналған спорт залы салынды.

Маңғыстау облысында жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 01.01.2018 жылы 47,0 мың бірлікті құрады.2017 жылы алғаш рет өңірлер арасында бизнесті жүргізу жеңілдігі рейтингі өткізілді. Рейтинг қорытындысы бойынша Маңғыстау облысы 2-ші орынға ие болды.

2017 жылы “Бизнестің жол картасы — 2020” бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында Маңғыстау облысына 1 110,3 млн.теңге бөлінді. Жыл ішінде бағдарлама аясында жалпы сомасы 15,2 млрд. теңгеге 208 жоба мақұлданды, бұл 2016 жылға қарағанда 1,2 есе көп. Нәтижесінде 4036 жұмыс орны сақталып, облыс бойынша қосымша 1403 жаңа жұмыс орны ашылды.

2017 жылы Маңғыстау облысының Кәсіпкерлікті қолдау Картасы аясында жалпы сомасы 70,7 млрд. теңге болатын 5 жоба іске қосылды.:

1) электр қалқан жабдықтарын өндіру және 6-10-35 кВ күш трансформаторларын жөндеу, “Ақтау трансформатор зауыты” ЖШС»;

2) “Ақтау Керамзит” ЖШС керамзит тастарын өндіру зауытын салу (“Ақтау теңіз порты” АЭА аумағында»);

3) Құрық портында паром кешенін салу және “Қазақстан Темір Жолы “ҰК” АҚ әмбебап жүк-жолаушы паромдарын пайдалану (2-кезең);

4) “шыны пластик құбырлар зауыты” ЖШС шыны пластик құбырлар мен фитингтер өндіру бойынша 3 цех салу»;

5) “ҚазАзот” ЖШС-нің дайын өнім шығару бойынша жобалық қуатын арттыра отырып, минералдық тыңайтқыштар өндіру жөніндегі зауытты жаңғырту (2-кезең).

“Кейбіреулер Маңғыстау облысы Ауыл шаруашылығын дамытуға қолайсыз деп есептейді. Менің ойымша, бұл қате пікір. Бізде көптеген мүмкіндіктер бар. Ең алдымен, бұл ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және сақтау, тамшылатып суару технологиясын қолдану арқылы жылыжайды дамыту. Өткен жылы осы бағытта бірқатар жұмыстар атқарылды. Қазір облыста жалпы ауданы 19,36 га болатын 27 жылыжай жұмыс істейді, оның ішінде 5 өнеркәсіптік жылыжай және 22 фермерлік жылыжай жұмыс істейді”, — деді әкім Ералы Тоғжанов.

Бүгінде облыста облыстың барлық қалалары мен аудандарында 20 ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылып, жұмыс істеуде. 2017 жылы “Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту” бағдарламасын іске асыруды есепке ала отырып 30829 жұмыс орны құрылды (2016 жылы – 25355).

Маңғыстау ауданында қуаттылығы жылына 36 тонна қымыз өндіретін цех ашылды. 2017 жылы цех 40 тонна қымыз дайындады.Қарақия ауданында қуаттылығы жылына 10 тонна қымыз өндіретін цех ашылды. Түпқараған ауданында қуаттылығы жылына 650 тонна түйе сүтін бөтелкелейтін “аған” зауыты іске қосылды. Голландтық технология бойынша Ақтау қаласында 1321 тоннаға арналған көкөніс қоймасының құрылысы аяқталды.

2017 жылы жергілікті бюджеттен өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялауға 58,5 млн.теңге, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру мен сатуды қолдауға – 50,8 млн. теңге бағытталды. Мал шаруашылығында 1200 ферма, өсімдік шаруашылығында 130 ферма жұмыс істейді.

2017 жылы агроөнеркәсіптік кешендегі жобаларды инвестициялық субсидиялауға республикалық бюджет қаражаты 244,4 млн.теңге бағытталды. 59 құдық бұрғыланды (30 құдық жоспарда).

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі