Ақтау және Жаңаөзен қалаларында қоғамдық көлік үшін жаңа автобустар
29 наурызда “Каспий ” ӘКК” АҚ бастамасы бойынша ҚДБ-Лизинг” АҚ-мен бұрын жүргізілген келіссөздер шеңберінде, Қоғамның конференц-залында Ақтау қаласының кәсіпкерлері, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталықтарының өкілдері және Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы арасында жолаушылар тасымалдау қызметтерін ұсыну жөнінде кеңес өтті.
Кездесу барысында “ҚДБ Лизинг” АҚ лизингтік қаржыландыру арқылы жобаны іске асыру схемасы арқылы Ақтау және Жаңаөзен қаласының автобус паркін сатып алу және жаңарту бойынша қалалық қоғамдық көлік саласындағы жеке құрылымдардың мүдделілігі, “Каспий ӘКК “ҰК” АҚ құралдары және мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетіктері туралы мәселелер талқыланды.
Мәселен, тасымалдаушы компаниялар кеңеске қатысушылармен бірлесіп осы жобаны іске асыру қажеттілігі туралы келісімге келді, онда (Ақтау қаласы мен Жаңаөзен қаласындағы жолаушылар ағыны мен тарифтер туралы мәліметтерге сәйкес) жауапты тұлғаларға сатып алынатын автобустардың саны бойынша ақпарат дайындауға, жобаның құнын анықтау үшін жергілікті өндірушілердің автобустарына техникалық талаптар қалыптастыруға, тарифтерді субсидиялау мүмкіндігін қарауға және сонымен бірге электрондық билеттеуді ескере отырып, қаржылық модель әзірлеуге дайын екендіктерін білдірді.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, кездесуге қатысушылар “ҚДБ – Лизинг”АҚ қатысуымен жобаны одан әрі іске асыру мақсатында нақты шешім қабылдау үшін қайта кеңес өткізу туралы келісті.