Корпорация туралы

Акционерлік қоғам
«СПК «Caspiy»


“Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың мәселелері туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 266 қаулысына сәйкес “Каспий “Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы “Ұлттық компаниясы” акционерлік қоғамы екі акционерлік қоғамға – “Каспий “Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы “Ұлттық компаниясы” акционерлік қоғамына және “Атырау “Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы “Ұлттық компаниясы”акционерлік қоғамына бөлу жолымен қайта ұйымдастырылды.

“Каспий” ӘКК ” АҚ мынадай негізгі
ұғымдарға негізделеді

ПАЙЫМДАУЫ

Маңғыстау облысының әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілетті кәсіпорындармен дамыған
және тұрақты экономикасы.

БІЗДІҢ МИССИЯМЫЗ

Экономиканы әртараптандыру және әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды
дамыту жолымен Маңғыстау облысында халықтың әл-ауқатының жоғары деңгейіне қол жеткізу.

Біздің компаниямыздың қызмет түрлері

  • Кластерлік тәсіл негізінде бірыңғай экономикалық нарық құру
  • Инвестициялар мен инновациялар тарту үшін қолайлы экономикалық ортаны қалыптастыру
  • Инвестициялық жобаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу
  • Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен пайдалы қазбалар қорлары түрлері мен көлемдерінің тізбесінде айқындалған пайдалы қазбаларды, оның ішінде кең таралған қазбаларды барлау, өндіру, өңдеу
  • Мемлекеттік меншік активтерінің бір бөлігін, жерді қоғамның меншігіне беру бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау
  • Қоғамның жарияланған акцияларын төлеуге мемлекет берген ұйымды оңалту және қайта құрылымдау жөніндегі жобаларды әзірлеу және іске асыру немесе олардың негізінде жаңа өндірістер құру
  • Бизнес-жобаларды концессия және кластерлік бастама негізінде іске асыру
  • Шағын және орта бизнесті дамыту үшін институционалдық жағдайлар жасау
  • Мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде бәсекеге қабілетті, экспортқа бағдарланған өндірістерді құру
  • Инвестициялық, әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру
  • Агроөнеркәсіптік кешендегі қызмет
  • Қоғам құру мақсаттарына қайшы келмейтін өзге де қызмет
Scroll Up