«Халық» қайырымдылық қоры» Маңғыстау облысындағы астық терминалының жұмысын жандандыруға қолдау көрсетеді

Маңғыстау облысын әлеуметтік-экономикалық дамыту жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Бейнеу астық терминалының қызметін жандандыруды тапсырған болатын.

Осы мақсатта бүгін Маңғыстау облысының әкімдігі мен «Халық» қайырымдылық қоры Бейнеу астық қорын қалпына келтіру үшін 1,8 млрд теңгеге демеушілік көмек көрсету туралы меморандумға қол қойды.

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыруда «Халық» қоры бөлген қаражатқа Маңғыстау облысының әкімдігі «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен бірлесіп, Бейнеу астық терминалының жұмысын жандандыруды жоспарлап отыр. Астық терминалы Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында орналасқан. Жоспар бойынша терминал қызметін жандандыру өз кезегінде азық-түліктің қосымша қорын құруға мүмкіндік беріп, өңірдегі ұн мен жем қорын арттыруға, халықты жұмыспен қамтуға септігін тигізеді.

Терминалдың жұмысын тез арада қалпына келтіру үшін «Каспий» ӘКК «Халық» қайырымдылық қорынан 1,8 млрд теңге көлемінде қайтарымсыз көмек алады.

«Ірі өңірлік кәсіпорынды жаңғырту сыйымдылығы 50 мың тонна болатын көкөніс сақтау орнын қамтамасыз етіп, көкөніс сақтау орнының тапшылығын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді. Әзірге бұл қазіргі уақыттағы елдегі сыйымдылығы ең жоғары көкөніс  сақтау орны болып тұр», - деді «Халық»  қорының басқарушы директоры Нариман Әбілшайықов.

Там. 10, 2023