Акционерлік қоғам  конкурстық негізде жұмысқа қабылдайды:

1. Ішкі аудит қызметінің қызметкері (аудитор), білімі жоғары, бухгалтерлік есеп бойынша кемінде 3 жыл тәжірибесі немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (орта арнаулы, орта кәсіптік) білімі бар тиісті мамандық (біліктілік), кадрларды даярлаудың және қосымша арнайы оқытудың тиісті саласы бойынша және қосымша арнайы даярлық, бухгалтерлік жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес, сондай-ақ төмендегідей сәйкес болуы: 

- ұйымның өндірістік-шаруашылық қызметіне, басқарудың нарықтық әдістеріне, экономиканың даму заңдылықтары мен ерекшеліктеріне қатысты заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілер, әдістемелік және нормативтік техникалық материалдарды білуі;

- қаржылық есептілік пен аудиттің халықаралық стандарттары, салық есептілігі мен бухгалтерлік есептің қолданбалы бағдарламалары, қаржы, салық және экономикалық заңнама, бухгалтерлік есеп пен есеп беру тәртібі; ұйымның шаруашылық-қаржылық қызметін талдау әдістері, тексерулер мен құжаттамалық тексерулерді жүргізу тәртібі;

- ақша айналымы, несие, баға белгілеу тәртібі, заңды және жеке тұлғаларға салық салу мәселелері;

- бизнесті ұйымдастыру және жүргізу тәртібі, іскерлік қарым-қатынас этикасы, қаржылық операцияларды өңдеу және құжат айналымын ұйымдастыру тәртібі, бухгалтерлік есеп пен есеп берудің қолданыстағы нысандары, экономика негіздері, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру;

(Тұрақты бос жұмыс орны, жалақысы  752 500,00 теңгеге дейін)

 

2. Сатып алуды бақылау қызметінің қызметкері,   жоғары заңгерлік немесе экономикалық білімі және кемінде 5 жыл кәсіптік жұмыс өтілі, оның ішінде сатып алу саласында және ұйым бейініне сәйкес заңнамалық және экономикалық қызмет түріндегі басшы лауазымдарда кемінде 3 жыл жұмыс өтілі болған жағдайда; ұйым қызметінің ерекшеліктерін білу, мінсіз іскерлік беделі мен ұйымдастырушылық және аналитикалық қабілеттері мен дағдыларының болуы, сондай-ақ сәйкес білімінің бар болуы:

- ұйымның өндірістік-шаруашылық қызметіне, экономиканың даму заңдылықтары мен ерекшеліктеріне қатысты заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілер, әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдарды білуі,

- бизнесті ұйымдастыру және жүргізу тәртібі, іскерлік қарым-қатынас этикасы, қаржылық операцияларды өңдеу тәртібі және жұмыс процесін ұйымдастыру, бухгалтерлік есеп пен есеп берудің ағымдағы нысандары, экономика негіздері, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру. (Тұрақты бос жұмыс орны, жалақысы  752 500,00 теңгеге дейін)

 

3.  Заң қызметінің кепілдік  бойынша маманы, жоғары заңгерлік және    экономикалық білімі бар , қаржы- экономикалық қызмет саласында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар; сондай-ақ төмендегідей сәйкес болуы:    

- болжамды кепіл затына экспресс-бағалау;

- кепілзаттың өтімділігін, сапасын, кепілдің нарықтық құнын анықтау;

- ұсынылған бағалы қағазды кепілге алу мүмкіндігі мен шарттары, іскерлік қарым-қатынас этикасы туралы пікірлерді дайындау,

- жұмыстың барлық кезеңдерінде серіктестік кепілге алған мүліктің максималды сақталуын бақылау және қамтамасыз ету,

- ТБК (тәуелсіз бағалау компаниясы)есебінің сараптамасы,

- кепілзаттың жай-күйін тексеру, құнын бағалау, жүзеге асыру. (Тұрақты бос жұмыс орны, жалақысы 507 500,00 теңгеге дейін)

       

4. Активтерді және инвестицияларды басқару департаментінің бас маманы, жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) кадрларды даярлаудың тиісті саласында білімі және мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар, сондай-ақ төмендегідей сәйкес болуы:    

- ұйымның қызметі үшін маңызды болып табылатын ұйымның өндірістік-шаруашылық және қаржылық қызметін реттейтін заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілер, шаруашылық қызметтің тиісті түрінің негізгі бағыттарын айқындайтын әдістемелік, нормативтік-техникалық материалдар, ұқсас ұйымдардың озық тәжірибесінің болуы,

- азаматтық, қаржылық, әкімшілік құқық, салық заңнамасы, салалық және аймақтық келісімдерді жасау және ресімдеу тәртібі, құқықтық құжаттаманы жүйелеу, есепке алу және жүргізу тәртібі,

- даму стратегиясы мен келешегі, экономикалық стандарттар мен көрсеткіштер жүйесі, ұйым мен оның еншілес және тәуелді ұйымдарының көрсеткіштерін экономикалық талдау әдістерін білуі,

- жұмыстарды орындауға шарттар жасасу тәртібін, экономиканы, тұтынушылардың сұранысын, өткізу нарықтарының жай-күйі мен даму болашағын, жұмысшыларға еңбекақы төлеудің қолданыстағы жүйелерін, шарттарды есептеу тәртібін,

- экономика негіздері, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару, еңбек заңнамасы, еңбек тәртібі, қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі талаптары.

(Тұрақты бос жұмыс орны, жалақысы 507 500,00 теңгеге дейін)

 

5. Стратегия және тәуекелдерді басқару департаментінің директоры, жоғары білімі, (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) кемінде 5 жыл кәсіптік жұмыс өтілі бар қаржы-экономикалық білімі, оның ішінде ұйымның бейініне сәйкес заң шығару және экономикалық қызмет түріндегі басшы лауазымдар саласында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар сондай-ақ төмендегідей сәйкес болуы:

- заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілер, әдістемелік және өндірістік- шаруашылық саласына қатысты нормативтік-техникалық материалдар ұйымдастыру, даму заңдылықтары мен экономика ерекшеліктері,        

- қоғамның кәсіпорындар тобының тәуекелдеріне елеулі әсер ететін сыртқы және ішкі факторлардың мониторингі;

- әкімшілік негіздері, іскерлік қарым-қатынас этикасы, экономика негіздері, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару, еңбек заңнамасын білуі,

- тәуекелдерді басқару процесін стратегиялық реттеу, бақылау және аудит,

- тәуекелдерді басқару және бақылау рәсімдері бойынша іс-шаралар жоспарларының орындалуы туралы есептерді сараптау;

 (Тұрақты бос жұмыс орны, жалақысы  752 500,00 теңгеге дейін).

 

6.  Стратегия және тәуекелдерді басқару департаментінің бас экономисі, жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) қаржы-экономикалық білімі және қаржы-экономикалық қызмет саласындағы мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.

сондай-ақ төмендегідей сәйкес болуы:

- қаржылық жұмысты ұйымдастыру бойынша заңнамалық, басқа да нормативтік құқықтық актілер және әдістемелік материалдарды білуі,

 - ұйымның қаржы-шаруашылық қызметіне экономикалық талдау жүргізу, шаруашылық ішіндегі резервтерді анықтау әдістерін  жүргізу,

- кәсіпорынның құрылымы, оның даму стратегиясы мен болашағы, ішкі ережелері мен нұсқауларын жүргізу,

- қаржылық-кассалық жоспарларды, несиелік өтінімдер мен сметаларды жасау, айналым қаражатын нормалау тәртібі,

-  қаржыландыру, ұзақ және қысқа мерзімді несиелендіру тәртібі;

қарыз қаражатын тарту және пайдалану, бағалы қағаздарды шығару және сатып алу, қаржы ресурстарын бөлу тәртібін ұйымдастыру,

-  қаржылық ағындарды басқаруды қамтамасыз ететін қаржылық әдістер жүйесін білуі,

-  бухгалтерлік есеп шоттарының жүйесі, қаржылық есеп айырысудың тәртібі мен нысандарын білуі,

- ұйымның қаржылық қызметі туралы белгіленген есептілік, оны жасау тәртібі мен мерзімдерін уақытылы тексерілуін,

- басқару әдістерін, зейнетақымен қамтамасыз ету негіздерін, экономика негіздерін, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру,

- еңбек заңнамасы, еңбек тәртібі, қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі талаптарын білуі.

 (Уақытша бос орын, жалақысы  577 500,00 теңгеге дейін). 

 

Шілде 21, 2023